Дәрігер видеоқоңырау арқылы қызды ажалдан құтқарды

21 Маусым, 2019 342 0

NewsROOM+. Ыстықтан тынысы тарылған қыз есінен танып құлаған. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, newsroom.kz хабарлайды.

Секунд сайын оның жағдайы нашарлай берген. Бурятиялық дәрігер оны видеоқоңырау арқылы аман алып қалған. 16 жастағы қыздың жүрегінде туғаннан ақау болған. Ол анасымен бірге саябаққа келгенде есінен танып құлаған. 

Сол сәтте куәгерлер дәрігерге қоңырау соққан. Куәгер адам дәрігердің танысы болып шыққан. Ол дереу жедел жәрдем келгенше дәрігерге хабарласқан. Дәрігер 20-30 минуттың ішінде танысына қызға не істеу керектігін айтып тұрған.



Тегтер: дәрігер, видеоқоңырау, қыз, ажал, көмек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.