Қостанайда белгісіз келіншек бір жасар баласын автовокзалға тастап кетті

29 Маусым, 2018 766 0

Қостанай мен Астана полицейлері біріге отырып, Қостанайдағы автовокзалға сәбиін тастап кеткен көкек ананы ұстады деп хабарлайды облыстық ІІД-не сілтеме жасаған NUR.KZ.

Еске салсақ, жуырда Қостанай автовокзалында анасы тастап кеткен бір жарым жасар сәби табылған болатын.

Анықталғандай, көкек ана 22 жаста болып шықты. Оны полицейлер 10 күн бойы іздеген. Ол Астана қаласынан табылды.

Қазіргі таңда "Қауіп бар жерге тастап кету" қылмыстық бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бала Қостанайдағы балалар үйіне табысталған.

 

Тегтер: қостанай, ана, вокзал, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.