Екінші рет үйленіп жатқан Абай Бегей хиджабтағы аруды өзіне жар етті

03 Шілде, 2018 998 0

Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын Жанат есімді жұбайынан айырылып қалған әншінің екінші рет үйленгелі жатқанын әріптесі Меруерт Түсіпбаева айтып қойған еді. Бүгін міне Абай Бегейдің тыңдармандары қуанышты сәттің куәсі болуда,- деп мәлімдеді Nur.kz сілтеме жасаған "NewsRoom+" AA.

Бұған себеп әлеуметтік желіде әншінің өнердегі әріптестері тойдан видео мен түрлі суреттермен бөлісуі.

"Өнер әлемінде ерекше орны бар, Абай Бегейіміздің шаңырақ құру тойы құтты болсын! Алла, келінімізді адалынан етіп, бала-шағасына нағыз ана, жүрегі мейірімге толы ана болып, бақытты өмір кешулерін қабыл етсін!", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында.

Ал желі қолданушылары хиджабтағы қызды жар еткен әншіге ақ тілегін жаудырып, оларға бақыт тілеуде.

Еске сала кетейік, Абай Бегейдің марқұм жарынан төрт баласы бар.


Дереккөз: https://kaz.nur.kz/1740225-ekinsi-ret-jlenip-zatkan-abaj-begej-hidzabtagy-arudy-zine-zar-etti-video.html

Тегтер: әнші, жұлдыз, АбайБегей, жар, үйленді

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.