Үкіметтік емес ұйымдар маңызды істермен айналысып жүр ме?

20 Қараша, 2019 145 0

Бүгінде елімізде әртүрлі салаларда, әртүрлі бағыттар бойынша жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өз қызметтерін атқарып келеді.

Олардың негізгі бағыттары — адам құқығын қорғау, қоршаған орта мен экология, гендерлік мәселелер, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының мүдделерін қорғау және т.б.

Азамат пен мемлекет арасында делдал болу, әр жеке тұлғаның мүддесін қорғау, билік пен қоғам алдында оның мүддесін ұсыну, билік қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру азаматтық қоғамның мақсаты болып табылады.

Жалпы айтқанда, үкіметтік емес ұйымдардың міндеті – азаматтардың белсенділігі нәтижесінде өзін-өзі басқару принципі.

Айта кететін жайт, Қазақстанда ҮЕҰ-дардың нақты санын анықтау мүмкін емес. Соңғы жылдары заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемелер, адвокаттар алқалары, тұтынушылар кооперативтері, нотариалдық палаталар және т.б. үкіметтік емес ұйымдар қатарынан алынып тасталды. Сонымен қатар, ҮЕҰ-дар қағаз бетінде ғана бар болып, шын мәнінде әрекет етпейтін болып шығады. Бұл да статистиканың бұрмалауына әкеліп соғады; кейбірі іс жүзінде өз қызметін аяқтап, заң жүзінде әлі де жұмыс істейтін болып тұрады, алайда оның орнына басқа жаңа ұйым жұмыс атқарады.

ҮЕҰ кейде қауымдастық, қайырымдылық қоры, қорлар, коммерциялық емес ұйымдар, қоғам мен сенімділік қорлар ретінде де қызмет атқарады.
Қорытындылай келе, ҮЕҰ-ды мына белгілер арқылы топтастыруға болады:

– пайда алу қызметтің негізгі мақсаты ретінде бола алмайды;
– мемлекеттік орган құрылтайшы және қатысушылар ретінде болып табылмайды;
– ұйым ерікті негізде құрылған;
– бірлесіп анықталған мақсаттар негізінде өзін өзі басқару;
– ұйым билікке жету мақсатымен саясатқа тура қатыспайды;
– ұйым бейресми және заңгерлік бекітілген негізінде жұмыс істей алады;
– ұйым күштеу шараларды қолданбайды және насихаттамайды;
– ұйым құрамы және деңгейі бойынша ұлттық және халық аралық бола алады.

Осылайша, жоғары баяндалған белгілер негізінде, үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) азаматтардың жергілікті, мемлекеттік немесе халықаралық деңгейде ұйымдастырылған, ерікті коммерциялық емес одағы деп қорытынды жасауға болады.

ҮЕҰ-ғы әлеуметтік жобалардың тақырыптары:

– мүгедектер, зейнеткерлер, оралмандардың әлеуметтік бейімделуі;
– жастар бастамасын қолдау, ҮЕҰ ұйымдарды дамыту
– терроризм мен экстремизмге қарсы тұру
– салауатты өмір салтын ұстану, отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Соңғы мәліметтер бойынша Алматыда 4 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген. Ол республикадағы ҮЕҰ жалпы санының 20%-дан астамын құрайды. (Қазақстанда 19 мыңнан астам). Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі соңғы 5 жылда 3 есеге артып, 2,8 млрд теңге құрады.

2019 жылы Алматы қаласы әкімдігі 84 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Әлеуметтік жобалардың негізгі тапсырыс берушілері Қоғамдық даму, Әлеуметтік әл-ауқат, Денсаулық сақтау және Жасыл экономика.

Мақаланы ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі даярлады.

Тегтер: Үкіметтікемесұйымдар, жұмыс, қызмет

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.