Өлгім келмейді: Денис Теннің еш жерде жарияланбаған сұхбаты жарық көрді

25 Шілде, 2018 2129 0

The Steppe журналы Денис Теннің жарық көрмеген соңғысұхбаттарының бірін ел назарына ұсынды деп жазады NUR.KZпорталы.

Сұхбатта мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өмір мен өлімге қатысты өз ойын ортаға салған.

"Мен өзіме немесе өткен күндегі жұмысыма көңілім толмаған күні өмірмен қош айтысқанды қаламас едім. Артымнан өшпес із қалғанын қалаймын", - дейді Денис Тен сұхбатында.

Басылымның мәліметіне сәйкес, бұл сұхбат жоспар бойынша әлі жарыққа шықпауы тиіс болған.

"Осы жылдың маусымында, небәрі бір ай бұрын ірі жобаны бастап, Денис Тенді видеосұхбаттың басты кейіпкері ретінде таңдаған едік. Бұл сұхбат бұлай ерте жарияланбауы тиіс еді. Алайда біз ең қымбат туындымен бөлісуді жөн санадық. Денис, бізбен жұмыс істеп, бізге сенім артқаның үшін рақмет", - делінген журналдың желі парақшасында.


Тегтер: денис, тен, сұхбат, спорт, мәнерлеп, сырғанау, тен, денис

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.