weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ит, мысығына дұрыс қарамай, жәбір көрсететіндер жауапқа тартылуы мүмкін

Ит, мысығына дұрыс қарамай, жәбір көрсететіндер жауапқа тартылуы мүмкін

Ит, мысығына дұрыс қарамай, жәбір көрсететіндер жауапқа тартылуы мүмкін
ашық дереккөзі
 width= Ит, мысығын уақытында ектірмегендер, азығын алдына тоспай, аш қалдырғандар әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттіг КТК арнасына сілтеме жасап. Хайуанға айуандық жасайтындарды жүгендеуі тиіс заң жобасы қазір жан-жақты талқылануда. Ол құжатта бұдан да басқа шектеулер аз емес. Қаңғыбас иттерді панажайларда ұстау, шамамен жылына 5 миллион теңгені қажет етеді екен. Қазір бұл ақша сенімгерлікпен басқаруды қолына алған компанияның қалтасынан шығып отыр. Оған қоса жанашыр жандардың беретін қаржысы да бар. Енді бұл мақсатқа Экология министрлігінің айыппұлдан өндірген қаржысының бір бөлігін де қарастырған дұрыс дейді Жануарларды қорғау қауымдастығының өкілдері. Оған қоса ауласындағы итінің күтіміне салғырт қарағандарды әкімшілік жазаға тарту керектігін де айтты белесенділер.
"Үй жануарларының күтіміне салғырт қарағандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту керек. Ит, мысық немесе басқа үй жануарын асырап алғанда жауапкершілік те жүктеледі. Егер, дұрыс тамақтандырмаса, тиісті екпелерін жасатпаса және осы сынды міндеттерді атқармаған адам айыппұл арқаласа дейміз. Бұл тәжірибе көптеген елдерде бар", - деді Жануарларды қорғау республикалық қауымдастығының басшысы Лилия Сәрсенова.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→