weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 желтоқсан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елордада ерекше шырша орнатылды

Елордада ерекше шырша орнатылды

Елордада ерекше шырша орнатылды
ашық дереккөзі
 width= Нұр-Сұлтанда биіктігі 6 метр-дей тоқылған шырша орнатылды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі. Қалалық әкімдігінің айтуынша, осыдан екі апта бұрын Нұр-Сұлтанда «Құрақ көрпе стиліндегі экошырша» халықтық флешмобы басталған. Халықтық жоба Қазақстан қалалары мен елорда тұрғындарын біріктірді. Сондай-ақ Ресей мен Өзбекстанның қолөнер шеберлері де тоқуға көмектескен. Шыршаны безендіруге еліміздің түкпір-түкпірінен тоқымашылар, зейнеткерлер, қарттар үйі, қоғамдық қорлар, әлеуметтік кәсіпкерлер мен қолөнершілер қатысты. 30 мектептің оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатысты. Жаңажылдық шырша үшін ұзындығы 70 000 метрден асатын 70 келіден астам жіп қажет болды. Экошырша «Астана Бәйтерек» монументіне қарсы Нұржол бульварында (Ақ мешіт көшесі жағынан) орнатылды.
TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→