weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

6 қарашада еліміздің бірқатар аймағында жел күшейіп, тұман, көктайғақ және жауын-шашын болжанады. Кей өңірлерде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында желдің екпіні күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Алматы және Жетісу облыстарында үсік жүруі мүмкін.

Тұрғындарға ауа райының өзгеруін ескеріп, жолда және ашық аумақта сақтық шараларын ұстану ұсынылады.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер