weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан: Ордабасыда веломарафоннан жарыс өтті

Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Денсаулық фестивалі» мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер мен ауыл тұрғындары арасында веломарафон өтті.

Түркістан: Ордабасыда веломарафоннан жарыс өтті
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Орталық алаңнан басталған марафонның ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, бұқаралық спортты дамытуға арналған шараға сәттілік тіледі, деп хабарлайды newsroom.kz.


Сайысқа 18-35 жас аралығындағы 100-ге жуық адам қатысып бақтарын сынады. Марафонның мәресіне жастар арасында бірінші болып Бағжан Орынбеков топ жарып, екінші орынды Елжан Оспанов иеленді. Ал жүлделі үшінші орын Пайыз Жәмәділге бұйырды. Сондай-ақ, ересектер арасында Мұхаммедәлі Сағынтай бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Нұрбол Батырбеков иеленсе, үшінші орынды Қанат Адильханов жеңіп алды. Жарыс соңында аудан әкімі жүлде алған спортшыларға сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыстады.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→