weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістандағы облыстық газет қазақ күресіне көлік тікті

Түркістан: қазақ күресінен “Оңтүстік Қазақстан” газеті кубогының иегері анықталды

Түркістандағы облыстық газет қазақ күресіне көлік тікті
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған турнир өтті. Дәстүрлі сайыс биыл 60-рет өткізіліп отыр, хабарлайды Newsroom.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Дүбірлі додаға Түркістан облысының аудан-қалалары мен Шымкент қаласынан 13 команда қатысып, 200-ге жуық балуан боз кілемде белдесті. Нәтижесінде "түйе балуанға" арналған бас бәйге - Төлеби ауданының балуаны Марат Байқамұров ие болды.

Айта кетсек, жарыс ұлттық спорт – қазақ күресін дамыту, халық арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, балуандардың спорттық шеберліктерін шыңдап, алдағы өтетін ірі жарыстарға облыс құрамасын іріктеу үшін өткізілген.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→