Қазақстандық Әселхан Сидешова Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқиға туралы жазба жариялаған. Оның айтуынша, жағдай күндізгі уақытта Астанадағы Бағыстан-4 мекенжайындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Жарияланымда ер адамның кішкентай қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасағаны айтылған.
Астана қаласы Есіл аудандық полиция басқармасының мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап он алты жасқа толмаған адамдарға қатысты сексуалдық сипаттағы тиісу әрекеттеріне қатысты.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.