weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Украиндарда ма? Зеленскийдің әкесіне өмірлік стипендия тағайындапты

Украина басшылығы Зеленскийдің әкесі Александр Зеленскийге өмір бақи төленетін стипендия тағайындады.

Украиндарда ма? Зеленскийдің әкесіне өмірлік стипендия тағайындапты
фото: nikvesti.com

Күні кеше ғана Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткенін хабарлаған едік.

Енді бүгін Украина басшылығы Украина президентінің әкесі Александр Зеленскийге өмір бойына төленетін стипендия тағайындапты.

Бұл newsroom.kz порталы gazeta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Украина басшылығының министрлер кабинетінде жарияланған шешім бойынша, Мемлекеттік экономика және технология университетінің профессоры Александр Зеленскийге стипендия елдегі “білім саласындағы елеулі еңбегі ешін” берілді. 
 Александр Зеленский - техника ғылымдарының докторы, информатика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

Айта кетейік, Өмір бойына төленетін  стипендия Украинада 1 қыркүйектен бастап 119 ғылым қызметкерлеріне тағайындалған. 
Бұл стипендияны беру туралы жарлық  2020 жылдың желтоқсан айында қабылданған. Ол үш айлық есептік көрсеткішті құрап, ай сайын төленіп отырады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→