weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарағандыда жол апатынан 5 адам қаза тапты

Қарағанды-Астана тас жолында жол көлік оқиғасы орын алды

Қарағандыда жол апатынан 5 адам қаза тапты
Фото: полиция департаменті

Бұл туралы newsroom.kz ақпараттық порталы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

9 қазан күні сағат 15.00 шамасында Қарағанды облысы Осакаров ауданында "Қарағанды-Астана" тас жолында, Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алып бара жатып, көліктің басқаруына ие бола алмай қалып,  жол жөндеп жатқан жұмыскерді соғып, кейін жол шетінде тұрған Камазға соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмыскер, "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды.

- Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде,-деді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→