weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 қазан, 2023 / NewsRoom / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутқа түсірді

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтиерді мерзімінен бұрын жеңді.

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутқа түсірді

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кәсіпқой бокстағы екінші титулына ие болғанын хабарлайды  newsroom.kz порталы tengrisport.kz сілтеме жасап. Германиялық Винченцо Гуальтиеримен (21-1-1, 7 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Алғашқы раундтарда дәл соққылар саны бойынша басымдыққа ие болған қазақстандық алтыншы раундта Германиядан келген қарсыласын нокаутқа жіберді.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады. 

 «Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→