weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шаян ұрлаған: ШҚО-да теңіз жануарын заңсыз тасымалдағандар ұсталды

ШҚО тұрғыны бір тоннадан астам шаянды құжатсыз алып жүрген

Шаян ұрлаған: ШҚО-да теңіз жануарын заңсыз тасымалдағандар ұсталды
фото: polisia.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Рейдтік іс – шараларды өткізу барысында Күршім-Үлкен Нарын тас жолында тиісті құжаттарсыз шаяндарды тасымалдаған Ұлан ауданының 44 жастағы тұрғынының басқаруындағы ГАЗель автокөлігі тоқтатылған көрінеді.

Көлікті тексере келе, одан жалпы салмағы 1241 келі болатын 92 қап тірі шаяндар бар екені анықталған. 7,7 млн теңге көлемінде залал келтірген күдіктілер тергеу барысында шаяндарды бұрын белгісіз адамдардан сатып алғанын, содан кейін оларды көлікке тиеп, сату үшін облыс орталығына шығуды жоспарлағанын жеткізді.

ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→