weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысында орталық Азиядағы ең ірі трансформатор құрастырылды

Қазақстандық өнім саналатын Орта Азиядағы ең ірі трансформатордың жалпы ұзындығы 13 метрден асса, биіктігі 10 метр.

Түркістан облысында орталық Азиядағы ең ірі трансформатор құрастырылды
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ал оның жалпы салмағы 295 тонна. Алып трансформаторды бір жылға жуық уақыт бойы «Alageum Electric» компаниясы құрастырған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қуаты 250 мың киловольт-ампер және кернеуі 500 киловольт болатын үш фазалы трансформатор бұрын Қазақстанда мүлдем Орта Азия көлемінде өндірілмеген. Бұл үш фазалы трансформатор бүтін бір қаланы электр қуатымен қамтамасыз ете алады.

Өндіріс орны алдағы уақытта алып трансформаторларды ТМД елдеріне де экспорттауды жоспарлап отыр. Қазір ірі және блокты трансформаторларды құрастыру бойынша жобалау жұмыстары жүріп жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→