weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
16 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жетісайда сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша кеңес өтті

Жетісайда полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті

Жетісайда сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша кеңес өтті
фото: түркістан облысы баспасөз қызметі

йЖетісайда полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өтті.

Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы жайында және «Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» бойынша кең көлемде кеңес өтті,-  деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Түркістан облысы полиция департаменті кадр саясаты басқарма бастығының орынбасары Ә. Мырзаханов пен жеке құрам инспекциясы бөлімінің бастығы Д. Тұрлыбеков, аудан полицейлері қатысты.

Жедел кеңестің мақсаты - жеке құрам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарына жол бермеу, қызметтік тәртіпті сақтап, жұртқа жақын полиция қағидатын қалыптастыру. Кеңес барысында спикерлер жеке құрамға ҚР ІІМ бастығының негізгі талаптары мен тапсырмаларын жеткізді. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жоспарларды айқындап, Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмаларын іске асыру бойынша нұсқаулар берді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→