weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысында мия тамырын заңсыз қазғандар анықталды

Заң бұзушылардың бұл әрекеті мекеме аумағындағы «Балтакөл» орманшылығында тіркелген.

Түркістан облысында мия тамырын заңсыз қазғандар анықталды
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының Табиғат басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Заң бұзушыларды Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің инспекторлары анықтаған.

Заң бұзушылардың бұл әрекеті мекеме аумағындағы «Балтакөл» орманшылығында тіркелген. Мия тамырын қазумен айналысқан азаматтар - Түркістан қаласының жергілікті тұрғындары екендігі анықталған. Қызыл мия тамырын қазып жатқан кезде аталған мекеменің қызметкерлері заңсыз оқиғаны анықтап, тоқтатып оқиға орнына Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шақыртылған. Полиция қызметкерлерімен ЛК погрузчик трактормен МТЗ Беларусь тракторлері айыптұраққа жеткізген.

Тәркіленіп алынған дәрілік өсімдік (мия) тамырының жалпы салмағы 2300 кг болған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→