weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысының полицейлері 30-дан астам мас жүргізушіні анықтады

Тәртіп сақшылары өңірде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударады.

Түркістан облысының полицейлері 30-дан астам мас жүргізушіні анықтады
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының аумағында "Құқықтық тәртіп"жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

 Тәртіп сақшылары өңірде құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алуға ерекше назар аударады.

Мәселен полицейлер 5 тәулік ішінде 110 қылмысты "ізін суытпай" және бұрын жасалған 3 қылмысты ашып, іздеуде жүрген 5 адамды ұстады. Сондай-ақ 6787 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 494 ұсақ бұзақылық және 105 тыныштық бұзу фактілерін жойды. Яғни тәртіп сақшылары 1493 ауланы аралап, рейд барысында түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды өкілінсіз жүрген 424 кәмелетке толмағандарды анықтады.

Полицейлер жол қауіпсіздігі саласы бойынша қарсы жолаққа шығудың 22 фактісін анықтады және мас күйінде көлік басқарған 33 жүргізуші анықтап, жауапқа тартты. Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау және жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғаса беретін болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→