weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістандық спортшылар гір тасын көтеруден ел чемпионы атанды

Түркістандық спортшылар гір тасын көтеруден ел чемпионы атанды

Түркістандық спортшылар гір тасын көтеруден ел чемпионы атанды
Фото: Түркістан облысв өңірлік коммуникациялар қызметі

Созақ ауданының спортшылары Солтүстік Қазақстан облысы, Щучинск қаласында гір тасын көтеруден өткен республикалық чемпионатта топ жарды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Таңдаулы балуандар қатысқан чемпионатта созақтық спортшылар 2 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль иеленді.

Аталған спорттық сайыста 78 келі салмақта ұзын циклді көтеруден Орынбасар Қобыланды топ жарып, өз салмағында ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, дәл осы салмақта серпе көтеруден Ержан Қабылбек І орынды иеленді. Бұдан бөлек, серпе көтеруден 68 келі салмақта Орынбасар Баби мен 63 келі салмақта Бақыт Мақсатұлы ІІ орынға ие болды. Осы салмақта Айдын Тауыпалды ІІІ орын, жұлқа көтеруден 63 келі салмақта Еркебұлан Ергешбай мен 68 келі салмақта Дінислам Бекен және 73 келі салмақта Мұрат Серікбаев жүлделі ІІ орынға табан тіреді.

Жеңімпаздарды спорт өнеріне баулып, жаттықтырып жүрген ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі спортшылар Мұрат Серікбаев пен Бақтан Тұрсынбаевтың еңбектері жоғары.

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→