weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 желтоқсан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан облысында 300-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

2023 жылғы 12 желтоқсан күні кешкі сағат 21:00-де Түркістан облысының таулы аймақтарында және Бәйдібек ауданында бұрқасын жел басталып, аяз күшейген болатын.

Түркістан облысында 300-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды
Түркістан облысының баспасөз қызметі

Салдарынан Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, Батыс-Еуропа — Батыс-Қытай трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылды, деп хабарлайды newsroom.kz.


Боран басталғаннан күннен бастап Түркістан облысының құтқарушылары жолда адасып кеткен 287 адамды құтқарды, оның 30-ы жас балалар. 


Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында алыс жолдарға шықпауға шақырады. Жолдардың жай-күйі туралы «Дәрмен» мобильді қосымшасынан білуге болады. Қар құрсауында жолда қалып қойған азаматтар  8-725-33-5-78-97, 102 жедел желілеріне хабарласу керек. 


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→