weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жаңбыр, қар, көктайғақ: 19-21 желтоқсанда ауа-райы қандай болады?

19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, қар, көктайғақ: 19-21 желтоқсанда ауа-райы қандай болады?
Фото: КТК

"Қазгидромет" РМК 19-21 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz.

"Қыстың нағыз қақаған аязды кезеңі аяқталады. Қазақстан аумағына Атлантикалық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі жылы ауа массасы жылжып келеді. Нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі. Кезекті солтүстік атлантикалық циклонның салдарынан метеожағдайлар нашарлап, боран соғып, қар жауады, ал қардың арты жаңбырға ұласады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде 21 желтоқсанда кешке, сондай-ақ еліміздің солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады деп болжанады",- деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сондай-ақ синоптиктер сынап бағаны күндіз -3°C...-8°C аяздан, біртіндеп -2°C, одан кейін +3°C дейін көтерілетінін болжайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→