weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иманды болсын! Көкшетауда жүкті әйел қайтыс болды

Көкшетауда жүкті әйел қайтыс болды

Иманды болсын! Көкшетауда жүкті әйел қайтыс болды
фото: botkinmoscow.ru

Көкшетауда жүктіліктің соңғы мерзімінде болған әйелді дәрігерлер құтқарып қала алмады,- деп хабарлайды newsroom.kz cайты Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Басқарманың хабарлауынша, әйелдің іші ауырып, дене қызуы болған. Оны бірнеше рет жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Әйел Viamedis ЖШС емханасында тіркеуде тұрған. Әйедің артында екі баласы қалыпты.

Сондай-ақ, Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп, сот-медициналық сараптамасынан кейін ғана нақты ақпарат болатынын растады.

"Көкшетау қаласында ана мен бала өлімі 23 желтоқсанда кешкі сағат 5-те болды. Алдын ала диагнозы ТЭЛА, ауыр деңгейдегі ЖРВИ болған. Толық ақпарат қызметтік тексеріс және сот медициналық сараптамасынан кейін белгілі болады. Ертең облыстық басқармада  Viamedis ЖШС, перзентхана, қалалық ауруханалар тиісті құзырлы ведомстволардың қатысуымен жиын болмақ. Бұл іске құқық қорғау органдары да араласады. Сондықтан әзірге басқа пікір бере алмаймыз", – деп түсіндірді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→