weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте жаппай суөлшегіштерді ұрлаған күдікті ұсталды

Шымкентте су өлшегіштерді ұрлаған

Шымкентте жаппай суөлшегіштерді ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: Otyrar

2023 жылдың 28 желтоқсанына қараған түні Шымкенттің Қызыл су мен Стадион көшелерінде жеке су есептегіш құралдарын жаппай ұрлау орын алды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Стадион көшесінде ұрылар су өлшегіш торапты ашып, 4 су өлшегішті алып кеткен, қалғандары орнында қалды. Қызыл су көшесінде ұрылар суды жауып, екі ПВХ құдығында орналасқан 11 су есептеу құралын алып кеткен, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Оқиға орнына жедел жесткен полицейлер алғашқы тергеу шараларын жүргізіп, фотосуреттер мен бейнелер түсіріп, саусақ іздерін алған. "Ұрланған аспаптарды пайдалануға беру мүмкін емес, себебі олардың зауыттық нөмірлері "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС базасында екен.
 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→