weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иманды болсын! БҚО-да көлік капотымен сырғанаған қыз қайтыс болды

БҚО-да көлік капотымен сырғанаған қыз қайтыс болды

Иманды болсын! БҚО-да көлік капотымен сырғанаған қыз қайтыс болды
Видеодан скриншот

Батыс Қазақстан облысы Ветелки ауылында ойын қайғылы оқиғаға ұласты. Кәмелетке толмаған жүргізуші қыз баланы ескі капотқа отырғызып сүйреген, - деп хабарлайды newsroom.kz.

5 қаңтарда сағат 23.41-де 17 жастағы қыз есін жимастан мерт болғаны туралы хабар түскен. 

"Полиция қызметкерлері қыз баланы ескі капотқа отырып, көліктің артында келе жатқанын анықтады. Сырғанау кезінде ол газ тірегіне соғылған. Қазіргі уақытта екі көлік анықталып, Орал қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген ПД хабарламасында.

Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер оны құтқара алмаған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→