weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 ақпан, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Оралда «аса ауыр қылмыс жасағаны үшін» үш ер адам іздестіріліп жатыр

Үш ер адам іздестіріліп жатыр

Оралда «аса ауыр қылмыс жасағаны үшін» үш ер адам іздестіріліп жатыр
фото: polisia.kz

WhatsApp мессенджерінде Оралдағы Абай полиция бөлімінің ақпараты тарап жатыр. Онда үш ер адам "аса ауыр қылмыс жасағаны үшін" іздестіріліп жатқаны көрсетілген, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Олардың қандай қылмысы үшін іздестіріліп жатқаны белгісіз. Бұл ақпаратпен қатар Оралда адам өлтірілгені және соған қатысты осы адамдар іздестіріліп жатқаны айтылған аудио хабарлама да тарап жатыр.

БҚО ПД баспасөз қызметі мәліметінше, "2 ақпанда сағат 08:10-да Дәулеткерей көшесіндегі үйлердің бірінің маңынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды".

Алайда ведомство бұл қылмыстың таратылған іздеу ақпаратына қатысы бар-жоғын нақтыламай отыр.

"Абай полиция басқармасы адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған қылмысты ашуға және күдіктіні анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Басқа мәліметтер ҚР ҚК-ның 201-бабына сәйкес, жарияланбайды, - деді полиция.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→