weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Беттері бүлк етпейді»: Ринат Зайытов жаңа Үкіметтен не күтетінін айтыпты

Депутат бұрынғы Үкіметтің жұмысына да баға берді

«Беттері бүлк етпейді»: Ринат Зайытов жаңа Үкіметтен не күтетінін айтыпты
Фото: baq.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Үкімет сағатынан кейін тілшілерге министрліктердің өтірік статистика беріп, елді алдап жүре беретінін айтып, сынады, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Бізде кез келген министрлікте әлі күнге, өкінішке қарай, бұрынғы жүйенің өтірік айту, өтірік статистика беру әдеті бар. Әбден машықтанып алған. Жаңа Үкіметтің қалай жұмыс істейтінін білмеймін, бұрынғысы солай еді. Беттеріне айтып отырсаң да, бүлк етпейді. Осы жүйе тоқтамай, әрбір министрлік өтірік өз-өздерін мақтатып, ведомствосындағыларға пост салғызып көпіре берулерін тоқтатпай, ештеңе өзгермейді. Әуелі халыққа, сосын өздеріңе өтірік айтуларын доғаруы қажет. Әйтпесе, бәрі бекер», – дейді Ринат Зайытов.

Ол жаңа Үкімет құрамынан үміт күтетінін де айтып қалды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→