weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иманды болсын! Өскемендe трамвай адамды қағып кетті

Өскеменде трамвай алдынан атып шыққан жеңіл көлікті түйреп, 10 метрге дейін сүйреген

Иманды болсын! Өскемендe трамвай адамды қағып кетті
Фото: yk.kz

Өскеменде трамвай жеңіл көлікті қағып, жол апаты салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстан көшесі бойымен кетіп бара жатқан трамваймен параллель жүріп келе жатқан жеңіл көлік бір уақытта солға бұрылып, трамвайдың алдын кескен, деп жазады Yk.kz.

"Оны түйреген күйі трамвай 10 метрге дейін сүйреп, ақыры бағанға соғады. Көлік қатты бүлінген, жүргізушісі тірі, бірақ жарақаттары бар. Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем көлігін шақырған. Автомобиль жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылғаны белгілі. Көлік компаниясындағылар жүргізушілердің трамвай жолына ытқып шығатын көліктер барына бұған дейін шағымданғанын жеткізді", делінген басылымның хабарламасында.

Жол апаты салдарынан қаладағы трамвай көліктері кестеден 35 минутқа кешігуге мәжбүр болған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→