weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сотқа қатысты пікір білдіріпті

Сол күні билік те, күш те соның қолында еді,-деді ол

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сотқа қатысты пікір білдіріпті
Фото: instagram/nazymkakharman

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман желіде жазба жариялап, сотқа қатысты пікір білдірді. Ол Салтанат Нүкенованың жақындарына үндеу жасап, бұрынғы күйеуі жайлы сөз қозғады, деп жазады Newsroom.kz порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Назым Қахарман Салтанат Нүкенованың жақындары үшін қазір қиын кезең басталғанын айтып, оларға сабырлық тіледі. "Сот басталды. Біз де оны қадағалап отырмыз. Осы күнге дейін сіздермен біраз тілдесіп, бірқатар сұрақтарға жауап бердім. Алайда енді біз үнсіз қалсақ деп отырмыз. Әлі сырласып үлгереміз. Уәде беремін. Салтанаттың туғандары мен жақындарына күш-қуат пен сабырлық тілегім келіп тұр. Қазір олар үшін қиын кезең. Сол қорқынышты күнді қайта еске алу оңай емес", - деп жазды ол. Сонымен қатар Назым Қахарман сол күні күш те, билік те Бишімбаевтың қолында болғанын айтты. "Әйелдер мен балаларға зорлық көрсетіп, адамның өмірін алуға жол жоқ. Қандай себеп болмасын, құрбанды кінәлауға болмайды. Сол күні билік те, күш те соның қолында еді. Демек таңдау мен жауапкершілік те соның мойнында", - деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→