weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Су тасқыны кезінде 111 194 адам эвакуацияланды

Ерасыл Сайпаштың айтуынша, бүгінгі таңда 11 950 адам өз үйлеріне оралды

Су тасқыны кезінде 111 194 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны жағдайы туралы жаңа мәліметтерді ОҚК өткен Республикалық ақпараттық штаб брифингінде жария етті,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Ерасыл Сайпаштың айтуынша, бүгінгі таңда 11 950 адам өз үйлеріне оралды. 6 746 адам, оның ішінде 2 967 бала эвакуациялау пункттерінде. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 107 613 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. "Жұмылдырылған күштер мен құралдар 9,5 млн текше метр еріген қар суын сорып шығарды, 2,2 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселген. 3 511 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды. Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында шамамен 5,4 мың жеке тұрғын үй, 1 617 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалды", - деді ол. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→