weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық балуан Олимпиадаға жолдама алды

Әлімхан Сыздықов соңңғы жолдамалардың бірін жеңіп алды

Қазақстандық балуан Олимпиадаға жолдама алды
Фото: Sabirov Sali / Olympic.kz

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес  түрлерінен Олимпиадаға іріктеу  турнирі аяқталды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы DKNews.kz-ке сілтеме жасап.

Азия аймақтық іріктеу сынында үлестірілген соңғы жолдамалардың  бірін қазақстандық Әлімхан Сыздықов жеңіп алды 

Грек-рим күресінен 130 келі салмақта сынға түсетін Әлімхан Сыздықов жартылай финалда Қырғызстан өкілі Роман Кимді жеңіп, Париж Олимпиадасының лицензиясын иеленді. 

Бішкектегі турнирде Юрий Мельниченко жаттықтыратын грек-рим құрамасы 3 квота жеңіп алды. Құрама сапынан 60 келідегі Айдос Сұлтанғали, 77 келідегі Демеу Жадыраев және 130 келідегі Әлімхан Сыздықов жолдамаға қол жеткізді. 

Ал 67 және  97 келі салмақтағы соңғы жолдамалар Стамбулдағы әлемдік іріктеу турнирінде сарапқа салынады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→