weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нүкенованың ағасы сотта Бишімбаевтың не үшін қылмысқа барғанын айтты

Айтбек Амангелді өз нұсқасымен бөлісті

Нүкенованың ағасы сотта Бишімбаевтың не үшін қылмысқа барғанын айтты
фото: ашық дереккөзден

Бүгін соттағы жарыссөз кезінде сөз алған Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев қарындасын қандай себеппен өлтіргені туралы өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Айтбек Амангелді алқабилерден бұрын көрсетілген видеоға тағы назар аударуды сұрады.

"Видеолардың бірінде Салтанат қан болған көйлекті ұстап, оған (Бишімбаевқа – еск.) бұл дәлел болатынын айтып жатқанын естисіз және көресіз. Сондай-ақ, ол оған: "Бұл үшін кем дегенде 10 жылға отырасың", - дейді. Ол қолындағы қан болған көйлекті қайта-қайта көрсетеді. Менің жеке ойымша, бұл белгілі болып қалудан қорқу, сол кезде ұрып-соғу болғаны туралы көпшілік алдында мәлім болуы және жасаған әрекеті үшін қайтадан түрмеге жабылуы мүмкін деген қорқыныш оны әрекетін одан әрі жасыру үшін адам өлтіру туралы саналы шешім қабылдауға әкелді", - деді Амангелді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→