weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Партия басшысы пистолет атып неге дайындалып жүр?

Айдарбек Қожаназаров желіге жұрт сүйсінер бейне жүктеді

Партия басшысы пистолет атып неге дайындалып жүр?
Видеодан кадр

Мәжіліс депутаты, Respublica саяси партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров әлеуметтік желідегі парақшасында қару қолданып жатқан видеосын жүктеп, оның маңызы мен артықышылығын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Қазақтың жеті қазынасына айналған мылтық әр азаматтың айбынын асқақтатады дейді депутат.

"Сен шынымен өз Отаныңды қорғай аласың ба? Өз отбасыңды қорғай аласың ба? Қару-жарақты қолдану, ату өте маңызды. Біріншіден, қазақтың жеті қазынасында - берен мылтық деген бар. Екіншіден, отбасыңды, Отаныңжы қорға әр ер азаматтың міндеті. Үшіншіден, еркектің еркек болу тәсілі ғой.  Қарумен уақыт өткізудің өзі бөлек бір уақыт. Әрине білім алу өте маңызды. Бірақ қаруды қолдану да өте маңызды. Қарасаңызшы дамыған елдерге.Олар білімді, және олар өз елін қорғай алады. Қазіргі таңда қаруды ату, оны дұрыс қолдана алу өте маңызды",- деді ол.

Желі қолданушылары Мәжіліс депутатының жігерлі сөзіне қолдау білдірді.

"Толық келісемін. Келер ұрпаққа патриоттық сана-сезіммен бірге дәріптеу керек дүние бұл! Ол үшін бүгін бұл нәрсені өзіміздің әдетімізге енгізу қажет",- деп жазды желі қолданушысы.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→