weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
29 шілде, 2024 / Перизат Ілес / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Париж Олимпиадасы: бүгін қазақстандық 16 спортшы сынға түспек

Бокстан кешкі сессияда аса ауыр салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев бақ сынайды

Париж Олимпиадасы: бүгін қазақстандық 16 спортшы сынға түспек
Фото: Telegram/ Qazaqstan.tv

Бүгін Олимпиада ойындарында  16 қазақстандық спортшылар шаршы алаңға шығады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Семсерлесуден әйелдер арасындағы жекелей сында Әйгерім Сарыбай бақ сынаса, садақ атудан командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы жарыс жолына шығады.

Оқ ату спортынан әйелдер арасындағы финалда Александра Ле Олимпиада ойындарының жүлдесіне таласады.

Сонымен қатар дзюдодан 73 келі салмақ дәрежесінде Данияр Шамшаев шықса, бадминтоннан Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасындағы екінші ойынын өткізеді.

Бокстан кешкі сессияда аса ауыр салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев Париж шаршы алаңындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→