weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада көшеден ер адамның мәйіті табылды

53 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмған

Астанада көшеден ер адамның мәйіті табылды
Фото: astanatv.kz

Астана қаласында көшеден ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды newsroom.kz  қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық ПД хабарлауынша, 20 тамыз күні сағат 18:50-де 102 арнасына Байқоңыр ауданының Янушкевич көшесінде ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде ақпарат түскен.

Полиция оқиға орнынан пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның денесін тапты. 

 «Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Заттай дәлел ретінде пышақ табылып, қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→