weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
8 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Димаш Құдайберген ДКО-ның ашылу салтанатында өнер көрсетті

Ашылу салтанатында талант иесі "Киелі мекен" әнін орындады

Димаш Құдайберген ДКО-ның ашылу салтанатында өнер көрсетті
Димаш Құдайберген. Фото: VCG/VCG via Getty Images

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында "Киелі мекен" әнін орындады.

Бұл нөмірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожиновтың жетекшілігімен "NOMAD STUNTS" кәсіби каскадерлер тобы қатысты.

Димаш Құдайбергеннің ашылу салтанатында шырқаған әнінен кейін ежелгі көшпенділердің күші мен рухын сипаттайтын арнайы спектакльдер басталды.

Айта кетейік, бүгін, 8 қыркүйекте Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталған болатын.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Бұл дода елімізде тұңғыш рет өтіп жатыр. Қатысушылар 21 спорт түрінен бақ сынайды. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→