weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жетісу облысында үш жасар бүлдіршін үш күннен бері іздестірілуде

Іздестіру жұмысына 400-ге жуық адам қатысты

Жетісу облысында үш жасар бүлдіршін үш күннен бері іздестірілуде
Фото: Егемен Қазақстан

Жетісу облысы Көксу ауылында 7 қыркүйекте жоғалып кеткен үш жасар бала әлі іздестіріліп жатыр. Балақай үйдің ауласында ойнап жүріп, із-түссіз жоғалып кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бала 7 қыркүйек сағат 10:00 шамасында есік алдында ойнап отырып, көшеге шығып кеткен. Ата-анасы алдымен көршілерінен сұрастырып таппаған  соң полицияға хабар берген.

Анасының айтуынша, ол тамақ пісіруге 15-20 минутқа ас үйге  кіріп кетіпті. Сол аралықта баласынан көз жазып қалған.

"Жүрек табылатынына сенеді. Ел іздеп жатыр, үміт үзбейміз", - деді баланың анасы.

Арнайы жасақталған жедел іздестіру тобы сенбіден бері әр үйдің ауласын, қора-қопсыны түгел қарап шыққан. Үйдің іргесінде ағыны қатты өзен бар. Сенбі күні баланы сол маңнан көргендер де болған. Сондықтан құтқарушылар алғашқы күні-ақ Мұқаншы өзеніндегі иірімдерді түгел қарап шықты.

"Іздестіру жұмысына 400-ге жуық адам қатысты. Бұл жерде полиция департаментінен 80 адам, Ұлттық ұлан әскери бөлімінен  100 адам, ТЖД департаментінен 15 адам және жергілікті атқарушы органдардан, жақын аудандардан еріктілер келіп,  іздестіру жұмыстарына көмектесіп жатыр", - дейді Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайсар Мұхметов.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→