weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 қазан, 2024 / Перизат Ілес / Медицина
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді өмірге оралтты

Ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түсті

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді өмірге оралтты
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ақпаратқа сүйенсек, ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түсті. Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. 

Айта кетелік, негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды. Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындауда.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→