weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өскеменде Жаңа жыл түні 7 адам өрттен құтқарылды

Өткен түні Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқыс оқиғадан жеті адамды құтқарды. Бұл туралы ТЖМ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Өскеменде Жаңа жыл түні 7 адам өрттен құтқарылды
Фото: видеодан кадр

ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын құтқарылып, эвакуацияланды. ТЖМ-ның Telegram арнасындағы ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде көпқабатты тұрғын үйде орын алған.

Белгілі болғандай жетінші қабатта орналасқан пәтердің балконы жанған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Құтқарушылар өртті жедел түрде 4 шаршы метр алаңда сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өкілдері азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды,- деп мәлімденді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→