weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 қаңтар, 2025 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қытайда метапневмовирус таралуда

Қытай ауруханаларында жатқан науқастардан тұмау, риновирус және адамның метапневмовирусы анықталды. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы мәлімдеді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Қытайда метапневмовирус таралуда
Фото: Oxu.Az

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы ақпаратына сәйкес, 23-29 желтоқсан аралығында елдің ауруханаларынан тұмау белгілері бар науқастардан сынамалар алынған. Алынған сынамалардың нәтижесінде тұмау вирусы, адамның метапневмовирусы және риновирусы анықталған.

Сонымен қатар аурушаңдық деңгейінің артқаны байқалған.

"Нәтижелерді талдау жұқпалы респираторлық аурулардың қазіргі уақытта тұрақты түрде көбейіп жатқанын көрсетіп отыр", - деп хабарлайды департамент. 

Дегенмен түрлі қоздырғыштардан туындаған инфекциялардың таралу деңгейі әртүрлі екені де атап өтілді.

Ел бойынша амбулаториялық және жедел жәрдем клиникаларында тұмау вирусының оң деңгейі өткен аптамен салыстырғанда 6,2 пайызға өсті. 

 

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→