weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Сенатта мақұлданды

Бүгін Парламент Сенатының екі оқылымында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы мақұлданып, маңызды құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев мәлімдеді, - деп хабарлайды nresroom.kz

Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Сенатта мақұлданды

Аталған заң жобасы қалаға туристік орталық ретінде серпін беру мақсатында әзірленген. Оның негізгі міндеті – тарихи-мәдени мұраларды сақтау, археологиялық резерват құру және әлемдік деңгейдегі туристік орталыққа айналдыру.

"Бұл бастама Түркістанның тарихи келбетін сақтап қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына да тың серпін береді. Қала әкімдігі мен мәслихатына 44 түрлі жаңа өкілеттік беріледі. Сондай-ақ, арнайы сәулет жоспарлары әзірленіп, қаланың дизайн коды жасалады", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.

Оның айтуынша, Түркістанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейге көтеру үшін кешенді жұмыстар атқарылады. Бұл ретте Жер кодексіне енгізілетін өзгерістер арқылы әлеуметтік нысандардың құрылысын жеделдету көзделген. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жүргізілген ғылыми зерттеулер биыл аяқталады, ал қорытындылар тиісті министрліктермен бірлесіп талқыланатын болады.

Сенат отырысында Палата Спикері Мәулен Әшімбаев Түркістанның рухани мазмұнын арттыру мен оның халықаралық деңгейде танылуы қажеттігіне баса назар аударды.

"Түркістанға ерекше мәртебе берілуі – бұл символикалық атау ғана емес. Қала ежелден білім мен мәдениеттің орталығы болған. Енді оны жаңа дәуірге сай дамыту үшін мемлекет тарапынан нақты қадамдар жасалады. Бұл өз кезегінде аймақ тұрғындарына үлкен жауапкершілік жүктейді", – деді Бейсенбай Тәжібаев.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→