weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақ ғылымы неге қауқарсыз?

Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаражат жыл сайын артып жатқанымен, оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 0,16%-ды ғана құрайды. Бұл – халықаралық деңгеймен салыстырғанда өте төмен көрсеткіш. Мысалы, Израильде бұл үлес – 6%, Жапонияда – 3,4%, ал Қазақстан 2027 жылға дейін бұл көрсеткішті 1%-ға жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды newsroom.kz. 

Қазақ ғылымы неге қауқарсыз?
фото: aikyn.kz

Қаржы қайдан келіп жатыр?
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) бөлінетін қаржының басым бөлігі – мемлекеттік бюджеттен. 2023 жылы 219,7 млрд теңге бөлінсе, соның 132,6 млрд теңгесі – мемлекеттік ұйымдар есебінен. Ал жекеменшік кәсіпорындар үлесі – өте аз.

Аймақтар арасындағы алшақтық
Ғылымға бағытталған қаражаттың 76%-дан астамы Алматы, Астана, Маңғыстау және ШҚО-на тиесілі. Қалған өңірлер бұл бағытта артта қалып отыр.

Ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтық
Ұлттық ғылым академиясы ғалымдарының пікірінше, басты мәселе – ғылымның нақты экономикадан алшақтауы. Ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу механизмі әлсіз. Ғарыштық техника, робототехника, гендік инженерия секілді салалар әлі дамымағанымен, ғалымдар бұл бағыттарда әлеует бар екенін атап өтеді.

Ең көп қаржы қандай салаларға бөлінеді?
– Инженерлік әзірлемелер – 77,7 млрд теңге
– Жаратылыстану ғылымдары – 76,4 млрд теңге
ҒЗТКЖ-ға жұмсалған қаражаттың 93%-ы – ғылыми зерттеулерге, ал небәрі 7%-ы – нақты конструкторлық жұмыстарға бөлінеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→