weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Даниэль Джеймс: Менің ана тілім – қазақ тілі

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-сессиясының қатысушысы, Африка мәдени орталығының төрағасы Даниэль Джеймс еліміздегі көпұлтты қоғам туралы пікір білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz-ке сілтеме жасап.

Даниэль Джеймс: Менің ана тілім – қазақ тілі
Фото: Арман Мұхатов

Даниэль Джеймстің айтуынша, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілге деген құрмет өзге этностарды біріктіреді. Нигериядан шыққан Даниэль Алматыда өскен. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.

Ағылшын тілін білемін, бірақ менің ана тілім – қазақ тілі, – дейді Даниэль Джеймс.

Қазақстанды өзінің туған үйіндей көретінін айтқан Даниэль еліміздің қонақжайлығына тәнті. Оның айтуынша, шетелдіктер үшін Қазақстанда өздерін жайлы сезінуге барлық жағдай жасалған.

Мұндағы адамдардың ашық-жарқын мінезі мен мейірімділігі мені әрдайым қуантады. Көшеде келе жатқанда кейде адамдар менімен суретке түсуді сұрайды, бәлкім түр-әлпетім ерекше көрінетін болар. Бірақ мен оларға: «Келіңіздер, бірге суретке түсейік», – деймін. Сонда олар қатты таңғалады, – деп күлді Даниэль.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→