weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Lada Niva көлігі БАӘ-де сатылымға шықты

Біріккен Араб Әмірліктерінде классикалық үш есікті Lada Niva жол талғамайтын көліктерінің сатылымы басталды. Бұл туралы «Автопоток» Telegram-арнасы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Lada Niva көлігі БАӘ-де сатылымға шықты

Дубайда Lada Niva 64 мың дирхам тұрады (шамамен 9 003 600 тг).

Модельдің жергілікті нарықтағы жалғыз бәсекелесі - Suzuki Jimny, бірақ ол Ниваға қарағанда 20% қымбат. Сәуір айының соңында Дубайда Lada салоны ашылды. Онда барлық модельдер ассортименті ұсынылған, оның ішінде әлі сатылымға түспеген Lada Iskra және жаңа Niva Sport жол талғамайтын көлік.

2025 жылы АвтоВАЗ 30 мыңнан астам Lada көлігін экспорттауды жоспарлап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10 мыңға көп.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→