weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

14 жастағы шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер атанды

Ақтауда тұратын Эдгар Мамедов халықаралық гроссмейстер атағын алып, ел тарихында бұл дәрежеге жеткен ең жас  шахматшы атанды. Ол бұл атақты 14 жас 11 айында иеленіп, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды newsroom.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.

14 жастағы шахматшы Қазақстан тарихындағы ең жас гроссмейстер атанды
Фото: Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Эдгар бұған дейін үш гроссмейстерлік нормативті орындап, FIDE рейтингінде 2492 ұпай жинаған болатын. Қажетті шекті межеге – 2500 ұпайға – небәрі 8 ұпай жетпей тұрған.

Бұл ұпайларды ол 2025 жылғы Sharjah Masters International Chess Championship A супертурнирінде еншілеп, алғашқы екі турда сенімді жеңіске жетіп, ел тарихына енді

«Эдгар – бұл атақты иеленген Маңғыстау өңірінен шыққан алғашқы шахматшы. Ол өңір атынан алғаш рет халықаралық гроссмейстер деңгейіне көтерілді», – дейді шахмат мектебі «Дебюттің» жетекшісі Әнуар Шайхымов.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→