weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанадағы LRT іске қосылуы бір жылға шегеріле ме?

Вице-премьер Роман Скляр елорда тұрғындары қашан LRT пойыздарымен жүре алатынын айтты.

Астанадағы LRT іске қосылуы бір жылға шегеріле ме?
Иллюстрация: CTS

Оның айтуынша, сынақ режиміндегі іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланған. Бұған дейін CTS басшысы Дүйсенбаев жобаның 2025 жылдың соңына дейін іске қосылатынын мәлімдеген болатын.

– Мен сынақ жүргізу келесі жылдың соңында басталатынына толық сенімдімін. Жолаушылар да жүре бастайды, – деді Скляр Ақордада өткен брифингте.

Сонымен қатар, вице-премьер Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің журналистерге арнайы пресс-тур ұйымдастыруы тиіс екенін айтты. Алайда журналистер мұндай жоспар жайлы алғаш рет естігендерін жеткізді.

Апдейт(түзету): Астана әкімдігі Склярдың сөзі жаңсақ кеткен болуы мүмкін екенін айтып, LRT-ның жыл соңында іске қосылатыны өз күшінде екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, жуырда елордада LRT диспетчерлері (операторлары) үшін бос жұмыс орны ашылғаны белгілі болған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→