weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Періште ме, әскери дрон ба? Астана аспанынынан белгісіз жарықтар байқалды

Астана тұрғындары 5 маусым, бейсенбі кешкісін елорда аспанында жарқырап қозғалған белгісіз нысандарды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды newsroom.kz.

Періште ме, әскери дрон ба? Астана аспанынынан белгісіз жарықтар байқалды

Куәгерлердің айтуынша, аспанда жылжып бара жатқан жарық нүктелері бір сәтте көзден таса болған.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі бұл нысандардың нақты не екенін әзірге анық білмейтінін хабарлады. Алайда «бөтен күштер еліміздің әуе кеңістігін бұзған жоқ» деп сендірді.

Осыған ұқсас жарықтар көршілес Қырғызстан астанасы Бішкектің аспанынан да байқалған.

Айта кетейік, 2023 жылы Астана мен Алматыда да дәл осындай тізбекті жарықтар көрініп, кейінірек олардың SpaceX ұшырған спутник қалдықтары екені анықталған.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→