weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өзбекстан құрамасы тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды

Бұл тарихи жетістікке өзбекстандықтар Азия іріктеуінің үшінші кезеңіндегі тоғызыншы турда Біріккен Араб Әмірліктерімен тең ойнағаннан кейін (0:0) қол жеткізді.

Өзбекстан құрамасы тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды
Фото: UFA инстаграм парақшасы

Кездесу 5 маусым күні Абу-Дабидегі «Аль-Нахайян» стадионында өтті. Осы тең нәтижеден кейін Өзбекстан құрамасының ұпайы 18-ге жетіп, олар A тобының екінші орнын мерзімінен бұрын иеленіп, 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.

1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан кейін Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін сегіз мәрте әрекет жасаған. Алайда Азиа футбол конфедерациясына мүше болғанына 30 жыл толған тұста ғана алғашқы жолдамасына қол жеткізіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді жеңген болатын. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын Қазақстан 9 маусымда Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→