weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда 573 автобус есептен шығарылып, ап-арзанға металға өткізілген

Бар болғаны 160 миллион теңгеге сатылған.

Алматыда 573 автобус есептен шығарылып, ап-арзанға металға өткізілген
Фотт: Тура айту телеграм арнасы

Әңгіме 2010 жылдан 2018 жылға дейін жолаушы тасымалдаған, кейін Жетіген маңындағы тұрақта шіріп жатқан MAN, Yutong, ПАЗ және ЛиАЗ маркалы автобустар туралы. Белсенділер бұл орынды бір кезде “автобус зираты” деп атап кеткен болатын.

Бұл автобустарды Алматы облысына көшірудің өзі бюджет есебінен жүргізілген — оған 89 миллион теңге жұмсалған. Кейін олар сынған темір бағасымен, әрқайсысы шамамен 280 мың теңгеге сатылып кеткен. Осы уақыт аралығында “Алматыэлектротранс” оларды сақтау үшін де қаржы төлеп келген.

Ресми түрде бұл “экологиялық жаңарту” деп аталғанымен, шын мәнінде — ескі автобустардан құтылып, орнына ештеңе қоймаған. Проблема шешілмегенімен қоймай, жаңасы пайда болды: автобустар азайды, ал жолаушылар саны көбейді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→