weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нигерияда 100-ге жуық адам тірідей өртеніп кетті

Нигерияның Бенуэ штатындағы бір ауылға қарулы топ басып кіріп, үйлерді өртеп жіберді. Отқа оранған үйлерден бүтін бір отбасылар жойылып кеткен. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып, жүздеген тұрғын жарақат алды.

Нигерияда 100-ге жуық адам тірідей өртеніп кетті
Фото: pixabay

Штат полициясы шабуылдың болғанын растағанымен, нақты құрбандар саны белгісіз.

Қазіргі таңда шабуыл жасағандар туралы ресми ақпарат жоқ. Алайда Amnesty International Nigeria ұйымы бұл қанды оқиға жер мен суға таласып жүрген малшылар мен диқандар арасындағы жанжалдың ушығуынан туындауы мүмкін екенін алға тартып отыр.

Бұл қырғын – өңірдегі кезекті қақтығыстың салдары.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→